• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Баға 07 Қараша, 2023

Алматы – қымбат қала

203 рет
көрсетілді

Баспана мәселесі әлі де болса ел тұрғындарының бас ауруына айналып тұрғаны белгілі. Үйсіз-күйсіз сенделген жұрт бар тапқан-таянғанын пәтер қожайындарына түгелімен санап беруге үйреніп барады. Өйтпеске басқа амалдары да жоқ.

Кейінгі келіп түскен мә­лі­меттерге қарағанда, елі­міз­де пәтерді жалға беру құны 8 қалада арзандаған көрінеді. Сарапшылардың сөзінше, баға­ның бұл жолғы құлдырауы қоңыр күздің басында бай­қа­лыпты. Ал пәтер жалдаушы­лар­ды «күйдірген» ыстық баға нағыз аптапты шілде-та­мыз айларында сезілген екен. Дегенмен Павлодар, Орал, Өскемен қалаларында кері­сінше үй жалдау құны айтар­лықтай көтеріліп тұр. Еліміз­де­гі бас­пана жалдау құны ең қым­бат қала рейтингінен – Алма­тыны ешкім басып оза алар емес. Онда орташа алғанда әр шаршы метр 6 мың теңгеден есептеледі. Ал ең арзан баға Ақтауда тіркелген. Шаршы мет­ріне – 2 632 теңге.

Міне, осылайша, адам түгілі агенттіктің өзі де араласа алмай отырған пәтер жалдау құнын нарық сұранысқа қарай реттеп жатыр. Бір қызығы, нарық реттеген безбеннің екі бетінде де халық тұр. Бірі қалай да арзан үй тапсам дейді, ал екіншісі бағаны қалай көтерудің амалын таппай дал.