• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Қараша, 2023

Төрт құрлық чемпионатында Ұлттық құрама алғашқы медальды олжалады

212 рет
көрсетілді

Канаданың Лаваль қаласында шорт-тректен төрт құрлық чемпионаты аяқталды. Ұлттық құрама аталған турнирдегі алғашқы жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шешуші жарыс күні 3000 метр бойынша мәреге үшінші болып жеткен еліміздің қыздар құрамасы 4:16.200 секунд көрсеткішімен қола жүлдеге қол жеткізді. Команда сапында Алина Ажығалиева, Яна Хан, Малика Ермек, Мадина Жанбусинова, Ольга Тихонова бар.

Еуропадан басқа құрлықтағы спортшылар арасында жарыс өткізу мақсатында Халықаралық коньки тебушілер одағы (ISU) 2019 жылы төрт құрлық чемпионатының негізін қалаған. Аталған чемпионат алғаш рет 2020 жылы Монреаль (Канада) қаласында өтсе, одан кейінгі сериясы 2022 жылы Солт-Лейк-Сити (АҚШ) қаласында өтті.

Осы жарыста медаль жеңіп алғандар қатарында 6 мемлекет тұр: Оңтүстік Корея, Канада, АҚШ, Қытай, Жапония, Қазақстан. Ұлттық құрама аталған қатарға 6 қарашада қосылды.