• RUB:
    5.09
  • USD:
    524.66
  • EUR:
    550.21
Басты сайтқа өту
Саясат 07 Қараша, 2023

Владимир Путин Қазақстанға қандай мақсатпен келмек?

295 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға алдағы сапарының мәні мен екі ел арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Серік Жұманғарин атап өткендей, биыл форумға 20 жыл толып отыр.

«Форумда біз бірінші кезекте екі елдің тұрғындары мен бизнес өкілдерінің түйткілді мәселелерін талқылаймыз. Бұл форумда ауыл шаруашылығы мәселесіне үлкен мән беріліп отыр. Мәселен, ауыл шаруашылығын цифрландыру, ауыл шаруашылығындағы жастарды қолдау жайында сөз қозғалады. Сондықтан бұл жерде қандай саясат болуы мүмкін? Біз тек экономикалық және сауда қарым-қатынастары мәселелерін талқылайтын боламыз. Сарапшылар, аймақ басшылары келеді, өңіраралық келісімдерге қол қойылады. Ең алдымен сауда-экономикалық келісімдерге қол қойылады. Бұл екі елге тиімді болады деп ойлаймын», деді Премьер-министрдің орынбасары.

Жұманғариннің айтуынша, Ресей Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып қала береді. Бұл елмен тауар айналымы бүгінде 27 миллиард долларға жетті.

«Өткен жылы экспорт 9 миллиардты құраса, биылғы жылы біз экспортта өсеміз, бұл жағынан да жақсы жұмыс істеп жатырмыз», деп қосты Серік Жұманғарин.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жұмыс сапарымен келетінін жазған едік. Сапар барысында екі ел басшыларының келіссөздері жоспарланған, оның барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланады. Сонымен қатар президенттер бейнеконференция арқылы Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің 19-шы өңіраралық ынтымақтастығы форумына қатысады.