• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 07 Қараша, 2023

Астанада жүргізушілер медициналық куәландырудан өте бастады

136 рет
көрсетілді

Астана қаласының №3 автобус паркінде Үкімет Аппараты, Көлік министрлігі және Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының «City Transportation Systems ЖШС өкілдерінің қатысуымен алқалы жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында аталған жүйенің жүргізушіні автоматтандырылған биометриялық сәйкестендіруі, көз қарашығының жарық тітіркендіргішіне реакциясы, алкогольдік масаңдықты тексеру, дене температурасы, қан қысымы және пульсін өлшеу мүмкіндіктері көрсетілді.

Медициналық куәландыруды автоматтандырылған режимде жүргізу бұл үрдіске бұрын-соңды жұмсалған уақытты 1 минутқа дейін қысқартуға, сондай-ақ ашықтықты қамтамасыз етуге, бюрократияның алдын алуға және жүргізушілерді тексеру нәтижелерінің электрондық тізілімін жүргізуге мүмкіндік береді. Медициналық жабдықты автопарктің штаттық медицина қызметкерлерінің міндетті бақылауымен 1 ай ішінде сынақтан өткізу жоспарланып отыр.

Жабдықты тестілеу қорытындысы бойынша жұмыс нәтижелері жан-жақты қарастырылып, пайдалану аясын кеңейту мәселелері мүдделі тараптармен талқыланатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Көлік министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №14 бұйрығымен жүргізушілерді рейстің алдында және рейстен кейін медициналық куәландырудан балама түрде өткізуге қатысты Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына түзетулер енгізілген болатын. Аталған түзетулер биыл 16 қазаннан бастап заңды күшіне енді.