«Қазгидромет» РМК мамандары ұсынған мәліметке қарағанда, елдің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болады.
Синоптиктердің болжауынша, ел аумағында тұман түседі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жел түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +6+8°C.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады 2-7, екпіні 12 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +8+10°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +8+10°С.