• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қараша, 2023

Түркістандағы жаңа саябаққа Димаш Құдайберген жолдаған ағаш отырғызылды

223 рет
көрсетілді

Елімізде алғаш рет «Қаржылық мониторинг агенттігінің» саябағы ашылды. Басты ерекшелігі – 30 жерде QR код орналастырылған. Азаматтар аталған кодтарды сканерлеу арқылы елімізде қаржылық пирамида ретінде танылған ұйымдардың толық тізімін көре алады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара барысында саябақтың сәніне айналар 100-ден астам ағаш көшеттері отырғызылды. Ағаштарды еліміздің 20 облыс-қалаларындағы экономикалық тергеп-тексеру департаменттері жолдаған. Сонымен қатар Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің арнайы жолдаған ағаш көшеті егілді.

Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев және облыстың барлық жастар орталықтарының басшылары арнайы қатысты.

Жас өнерпаздар әсем әндер орындап, мың бұрала би билеп, шараға жиналғандардың ықыласына бөленді.

Айта кетсек, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен жүзеге асқан жоба әзірге Түркістан қаласында ғана бар.