Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері арасындағы тауар айналымында ұлттық валюталар арқылы есеп жүргізіледі. Біздің еліміз одақ құрамына кіретін мемлекеттердің бір-бірімен өз валюталарымен төлем жасауын кеңейтуді қолдап келеді.
Өткен жылы Қазақстанның және Ресейдің банктері арасындағы сауда айналымы бойынша өзара төлемдер саны – 55, ал осы жылдың жеті айында 11,5 пайызға артып, қазіргі күні 9,2 миллиард теңгеге жетіп отыр. Ал бұған дейін бірнеше рет көтерілген ортақ валюта енгізу туралы сұраққа келсек, мұндай мәселе біздің интеграциялық ынтымақтастығымыз аясында ешуақытта күн тәртібіне қойылған емес, талқыланған да емес. Ол жайында ұсыныс та болған жоқ.
Әр мемлекеттің ұлттық валюта курсы сол елдегі ақша-несие саясатына және экономикалық жағдайға қарай анықталады. Ресей Федерациясы рублінің курсы сәйкесінше өзінің экономикалық ахуалына және Орталық банк тарапынан жүргізілетін ақша саясатына қарай өзгеріп отырады. Біздің теңгеміздің курсы да дәл солай. Оған елге келіп жатқан импорт пен экспортымыз да әсер етеді.
Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА,
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы