Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қамауға алынғанын Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kazinform агенттігі мәлім еткендей, қайғылы оқиғаның мән-жайының анықталуы тұрғысында және қоғамдық орында кісі өліміне жол берген мейрамхана қызметкерлерінің жауапкершілігі туралы сұраған БАҚ өкілдеріне Министрдің орынбасары қысқа жауап берген.
«Ол ұсталды, қазір тергеу шаралары өтіп жатыр. Қалғанына пікір білдіре алмаймын. Қазір осы іспен тергеу департаментінің қызметкерлері айналысып жатыр. Менің ойымша, кейін олар хабарын береді», деді Сәкен Сәрсенов.