Бұл туралы Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының орынбасары Әйгерім Оспанова орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kazinform. kz сайтының жазуынша, 2079 бала стационарлық ем алып жатыр.
«Күнделікті 300-ден астам бала шығарылып, 400-ге жуық бала түсіп жатыр. Оның ішінде 2911 төсек орны бар. Бұл балаларға белгіленген. Оның ішінде 139 реанимациялық төсек бар. Қазір ол төсектердің пайдаланылуы – 52 пайыз. Бүгінгі таңдағы жағдай бойынша 29 бала реанимацияда жатыр. Оның ішінде 11-і бір жасқа дейінгі бала, 13-і үш жасқа дейінгі бала», деді ол.
Маманның сөзінше, балалардың жағдайына тұрақты мониторинг тағайындалған.
«Сондықтан әр баланың хал-жағдайы бақылауда ұсталып, өңірлерге қажетті консультациялар жүргізіледі. Бұл 29 баланың жағдайы орташа деп белгіленген. Сонымен қатар күнделікті график бойынша бүкіл медициналық ұйым дәрігерлерін оқытып жатырмыз», деді Әйгерім Оспанова.