Армения астанасы Ереванда самбодан бүгін басталған әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
54 келі салмақ бойынша отандасымыз Гүлдана Әлмұхамбетова қола медальға талас қылған белдесуде былтырғы әлем чемпионы Алена Купаваны (Белорусь) жеңіп, World Sambo Championships-2023 әлемдік додасының қола жүлдегері атанды.