• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қараша, 2023

Қостанайда көлік зауытының құрылысы басталды

818 рет
көрсетілді

Қостанайда «Kia Qazaqstan» бірлескен кәсіпорнының құрылысы басталды. Құрылыс алаңының ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен KIA зауытың бас директоры Ким Деки қатысты. 

Жаңа өндіріс алаңының аумағы 100 мың шаршы метрге жуықтайды. Инвесторлар жобаға 100 млрд теңгеден астам қаржы салайын деп отыр. 1500-ге жуық жаңа жұмыс орны пайда болмақ.  ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын атап өтті.

«Өткен жылғы екі елдің тауар айналымы алты жарым млрд доллардан асып, рекордтық көрсеткішке жетті. Оңтүстік Корея елі ең ірі инвесторлар қатарына енеді. Қостанайда салынатын машина жасау зауыты – серпінді технологиялық жоба. Бүгінде Мемлекет басшысы индустриялық жобаларды жаңғыртуға баса назар аударып отыр. Сондықтан бұл – еліміздің автоөнеркәсіп саласына серпін беретін маңызы зор тарихи қадам. Шетелдік әріптестерімізбен бірлесіп қолға алынып отырған тұңғыш өндірістік жобаның бірі. Екі ел арасындағы ынтымақтастық жалақысы жоғары жұмыс орындары мен білікті мамандар буынын қалыптастырады. Жобаның экономикалық тиімділігі зор», деді Роман Скляр.

Зауыт 2025 жылы ашылады.