• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қараша, 2023

Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді

265 рет
көрсетілді

Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Сауд Арабиясының астанасында еліміздің Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір күн бұрын Эр-Риядта Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының кезектен тыс бірлескен саммиті өтіп, оған қатысушы елдердің өкілдері Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайға қатысты өз ұстанымдарын білдірді.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Египеттің Газа секторының бейбіт тұрғындарына медициналық және гуманитарлық көмек көрсету дәліздерін беру туралы шешімін мақұлдағанын мәлімдеді.

«Жақында ғана біздің еліміз палестиналық бауырластарымызға бір миллион доллар берді және біз қосымша гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз», деп қосты М.Нұртілеу.