• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қараша, 2023

Джиу-джитсудан әлем чемпионатында Қазақстан командасы топ жарды

184 рет
көрсетілді

Даугавпилс (Латвия) қаласында қарашаның 10-12 күндері аралығында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатына жаһанның 29 елінен 600-ге жуық спортшы қатысты, оның ішінде еліміздің 80 спортшысы бар. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы Граунд Файт бағдарламасы бойынша жерлестеріміз 6 алтын, 5 күміс, 6 қола жүлдеге ие болса, ересектер арасында 6 алтын, 4 күміс, 14 қола медаль жеңіп алды.

Клосс контакт бойынша өткен жекпе-жектерде жасөспірімдер – 6 алтын, 6 күміс, 4 қола, ересектер – 9 алтын, 8 күміс, 8 қола еншіледі.

Cелф жарысында 2 алтын, 5 қола медаль олжалады.

Ал Фулл контакт бағдарламасында жасөспірімдер – 6 алтын, 3 күміс, 4 қола, ересектер – 11 алтын, 9 күміс, 4 қола жүлдеге қол жеткізді.

Ведомствоға қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алған Қазақстан құрамасы спортшылары мен жаттықтырушылар штабын құттықтады.