Газа секторынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау басталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, бүгін, 13 қарашада 44 адамды, оның ішінде 40 Қазақстан азаматын эвакуациялау жоспарланған. 4 адам олардың отбасы мүшелері, шетел азаматтығын алған.
Эвакуацияланғандар қатарында біздің елден бөлек тағы 9 елдің, соның ішінде Марокко мен АҚШ-тың өкілдері бар.
Елге оралу Рафак өткізу пункті арқылы жүзеге асырылады.