Бүгін сағат 15:00-де Атырау қаласындағы Орталық көпірден әйел адам секіріп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
Оқиға туралы хабарлама түскен бойда шақырту орнына Атырау облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетті. Бұл туралы облыстық ЖД Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті.
«Сағат 15:07-де бас құтқарушы Айдаров Берікқали, құтқарушылар Ануарбеков Ернар мен Бағыт Айдынның жедел әрекетінің нәтижесінде суға батып бара жатқан азаматша аман-есен құтқарылды. Құтқарушылар 1999 жылы туған әйел адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі уақытта әйел адамның жағдайы бір қалыпты, дәрігерлердің бақылауында», делінген хабарламада.
Құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 құтқарушысы, 1 қайық жұмылдырылды.