• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қараша, 2023

Қазақша мәзіріңіз қалай?

213 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министр­лігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаях­метов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы дәстүрлі «Қазақша мәзір» республикалық конкурсын ұйымдастырды.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 31 үміткер қатысып,  жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтауға филология ғылымдарының докторы, академик Шерубай Құрманбайұлы бастаған қазылар алқасы атсалысты.

Конкурстың алғашқы шарты «Термин талқы» іріктеу кезеңінде қатысушылар «Теrmincоm.kz» сайтындағы «Қазақ тер­минологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңына тір­келіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын жазса, келесі кезең «Термин зерде» шарты бойынша тағамтану  саласы тер­миндерінің ішінен 15 терминді таңдап, үлгіге сәйкес сараптама жасалды. Келесі кезекте «Мәзіріңіз әзір ме?» атты тақырып таңдалып, осы сұрақ бойынша қоғамдық тамақтану орындарындағы бес ас мәзірінің қазақ тіліндегі нұсқасы талдау жасалып, қажет деген жағдайда қатысушы балама нұсқаларын ұсынды. Ең соңғы «Термин-тезис» кезеңінде үміткерлер тағамтану саласы немесе ас мәзірін қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша тезис әзірледі.

Барлық жағынан жоғары дайын­дықпен келген Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назар­баев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзат Шынтасова бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орынға Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ магистранты Дана Тал­ғатбек ие болса, келесі орындарды Шым­кент қаласындағы Ж.Тәшенов университетінің магистранты Балнұр Балтабайқызы, көкшетаулық Шолпан Махамбетова мен «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Қалиакбар Үсем­хан өзара бөлісті. Бұлардан басқа белсенділік танытқан төрт үміткер Алғысхатпен марапатталды.