• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Қараша, 2023

Елордада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

118 рет
көрсетілді

Астанада дзюдодан кезекті ел чемпионаты өтіп жатыр. Бұл турнирде 17 өңір және 3 қаладан 463 спортшы бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Біріншіліктің ашылу салтанатына Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Самат Жылқыбаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов қатысты.

«Мемлекет басшысының «Отандық спортта әділ бәсекелестік қағидатын орнату» туралы тапсырмасына сәйкес, бүгінгі чемпионатқа шетелден 3 тәуелсіз төреші шақыртылды. Қазіргі таңда елімізде дзюдомен 133 мыңға жуық адам тұрақты түрде айналысады. Соның нәтижесінде ел спортшылары халықаралық дүбірлі додаларда топ жарып, ұлт абыройын асқақтатып жүр. Олар өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болып, жастарды жарқын жеңістерге жетелейді», деді жарыстың ашылу салтанатында Ербол Мырзабосынов.

Бүгінгі жарыс күнінің нәтижесі бойынша ерлер және әйелдер арасында 5 салмақта жеңімпаздар анықталады.

Айта кетейік, чемпионаттың қорытындысы бойынша 2024 жылға дзюдодан ұлттық құрама жасақталады. Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 15 қарашаға дейін жалғасады.