• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ауа райы 15 Қараша, 2023

Елімізде 24 градусқа дейін күн жылынады

246 рет
көрсетілді

Синоптиктер 16-18 қараша күндері ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері Солтүстік циклонның ықпалымен және атмосфералық фронтальды бөлімдер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі: 18 қарашада еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын жаңбыр мен қар күтіледі. Бірақ қарашада жылы ауа райы сақталады.

«Оңтүстік аймақтарда 16-17 қарашада жауын-шашынсыз бұлтты ауа райы және күндізгі температура 19-24 градусқа дейін жоғарылауы болжанады, ал кезеңнің соңында жаңбыр жауады, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болжанады»,  делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.