Алматы облысындағы Жетіген ауылы қала болып, жаңа атау алады. «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы» Президент жарлығының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматы облысы Іле ауданындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала қатарына жатқызылсын. Алматы облысындағы жаңадан құрылған қалаға «Алатау» атауы берілсін», делінген құжатта.
Құжат 29 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылады.
Жетіген ауылы Алматы облысы Іле ауданында орналасқан және Жетіген ауылдық округінің әкімшілік орталығы болып есептеледі. Жетіген Алматы қаласының орталығынан солтүстікке қарай 47 шақырымдай жерде орналасқан. 2009 жылғы санақ бойынша ауылда 15616 адам тұрған.