Өзбекстанның Ташкент қаласында бүгін WBC конвенциясының қорытынды кеші өтеді. Салтанатты іс-шараның құрметті қонақтарының арасында америкалық боксшы әйгілі Майк Тайсон да бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ташкентке арнайы шақыртумен келген құрметті қонақ, өзбек жерінде өтетін кәсіпқой бокс жекпе-жегін тамашалайды. WBC конвенциясы аясында өтетін додада қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов чилилік Хулио Аламоспен айқасады. Мейірім Аламостан бұрын Германия боксшысы Винсент Файгенбутцқа қарсы жекпе-жек өткізуі тиіс болатын. Қарсыласы жарақатын желеу етіп бас тартты.