• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Өнер 17 Қараша, 2023

Мейрамбек бастаған әншілер Саят Медеуовке көлік сыйлады

6053 рет
көрсетілді

Танымал әнші Саят Медеуов осыдан бірнеше апта бұрын 50 жасқа толған болатын. Өнер иесі мерейтойына орай жеке шығармашылық кешін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Концерттен соң мейрамханада Саят Медеуовтің өнердегі әріптестері мен жақындары дастарханда бас қосты. Осы салтанатты жиында әншіге шоу-бизнес өкілдері көліктің кілтін сыйлады.

"Негізі о баста "Кешіңді өткіз. Біз қол ұшын созамыз" деп қолқа салған Мейрамбек Бесбаев пен Сержан Молдасан досым болатын. Жігіттер сөзінде тұрып, бастан-аяқ ұйымдастырушылық жағын жайластырды. Негізі баяғыда бір туған күнімізде Мейрамбек "Бір-бірімізге сыйлық жасамай-ақ, сәнімен сыйласып жүрейікші" деген еді. Бірақ, мерейлі жас болған соң ба, Мейрамбектің бастамасымен дос-жарандарым жиылып, көлік мінгізуді жөн көріпті", - деді Саят МедеуовNEGE.KZ сайтына.

Сонымен қатар әнші өнердегі әріптестерінің бұл сыйына шексіз алғысын білдірген.

"Негізі ешқандай сый-сияпатсыз сол кеште қол соғып отырып, әдемі өтуіне атсалысса да риза болар едім. Сөйтсем, олар осындай тосынсый әзірлепті. Жалпы, кешімнің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барлық жанға алғыс айтамын. "Жаяудың шаңы шықпас" дегендей, жалғыз-жарым өзім жүгірсем ештеңе тындыра алмас едім", - деді Саят Медеуов.