Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 аясындағы ең шешуші ойын алдында Словениямен болатын матчқа дайындық қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Магомед Адиев ұлттық құрама Еуро-2024 жолдамасын алуға нақты бел буғанын атап өтті.
«Мен үшін алыс сапарға шығу қиын емес. Біз «дала қасқырымыз». Бұл әрбір Қазақстан азаматының қанында бар. Біз жанкүйерлердің үмітін ақтап, Еуро-2024 жолдамасын алғымыз келеді», деді М.Әдиев баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ жаттықтырушы қарсылас команданың байсалды екенін, оның лайықты клубтарда ойнайтын сапалы ойыншылары бар екенін айтты.
«Еңбек солар жағында, бірақ мінез бен бірлік біз жақта. Біз ойын алдында бірде-бір командадан жеңілген жоқпыз», деді ол.
Айта кетейік, шешуші кездесу қарашаның 20-нан 21-іне қараған түні Астана уақытымен 01:45-те «Стожице» стадионында өтеді. Жеңіске жеткен жағдайда, команда өз тарихында алғаш рет футболдан Еуропа чемпионатына жолдама алады.
Еске салайық, жақында біздің команда Сан-Марино командасын 3:1 есебімен ұтқан еді.