Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Армения Республикасы Ұлттық жиналысындағы «Армения-Қазақстан» достық тобының жетекшісі Вагаршак Акобянмен кездесті.
Сенатор өз сөзінде Армения мен Қазақстанның екіжақты түрде де, бірқатар интеграциялық бірлестік аясында да өзара іс-қимылы деңгейінің жоғары екенін атап өтті. «Қазақстан мен Армения арасындағы өзара парламентаралық іс-қимыл жоғары деңгейде жүзеге асып келеді. Оған достық тобының қызметі де ықпал етіп жатыр. Екі елдің Парламенттері төрағаларының кездесулері де тұрақты түрде өтіп жүр. Біздің елдеріміз Парламенттерінің делегациялары халықаралық диалог алаңдарында өзара тығыз іс-қимыл жасап келеді», деді Нұртөре Жүсіп.
Сенатор Парламенттің жаңа сессиясының ашылуында Президент ұсынған Қазақстанның жаңа экономикалық даму үлгісі туралы да айтып берді. Депутат жаңа бағыттың басымдықтары әділдік, инклюзивтілік және прагматизм деп жарияланғанын атап өтті.
Вагаршак Акобян іс-шара соңында Арменияның Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға белсенді ықпал етуге дайын екенін атап өтті.