• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Үкімет 21 Қараша, 2023

Өңір депутаттары халықпен тығыз байланыста

184 рет
көрсетілді

Биыл көктемде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткені белгілі. Бұл сайлауды Президент ұсынған саяси реформалардың жалғасы деуге әбден болады. Ең басты ерекшелігі – ел арасында беделі бар, белсенді тұлғалардың саясатқа келуіне, қоғамдық ықпалына жол ашылғандығы.

Абай облыстық мәслихаты осы сайлаудан кейінгі бірінші сессия­сын 30 наурызда өткізген еді. Аталған сессияда Абай облыстық мәслихатының төрағасы болып Қуаныш Сүлейменов сайланды. Сонымен қатар облыс­тық мәслихаттың бес тұрақты комиссиясы құрылып, «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құры­лымы мен штаттары бекітілгенін атап өткен жөн.

Абай облыстық мәслихатына бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 15 депутат, 3 саяси партиядан – 13 депутат «Amanat» партиясынан, 1 де­пу­­тат «Respublica» партиясынан және 1 де­путат «Қазақстан Ха­лық пар­­тия­сынан» сайланған.

Бүгінге дейін Абай облыстық мәслихаты 9 сессия отыры­сын өткізді, оның 2-еуі кезекті,7-еуі кезектен тыс отырыс. Таяуда бір кезектен тыс көшпелі сессиясы Жарма ауданын­да өтті. Облыстық мәслихат депутат­тары барлығы 72 шешім қабыл­даса, оның ішінде 16 шешім нор­мативтік-құқықтық актілер құжа­ты есебіне жатады. Аталған шешім­дерге Абай облысының Әді­лет департаменті келі­сім беріп, электрондық түрдегі норма­тив­тік-құ­қықтық актілердің Эталон­ды ба­қы­лау банкіне ресми жарияланған.

Сессия отырыстарында «Абай об­лысындағы кейбір елді ме­кен­дердің  шекарасын өзгерту тура­лы», «2023-2025 жылдарға ар­нал­­ған облыстық бюджет тура­лы», со­нымен қатар бюджетке өзге­ріс­тер енгізу, «Абай облы­сы­ның қор­шаған ортасына теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшер­лемелерін бекіту және көтеру», «Абай облысында жылу маусымына дайындық және өткізу қа­ғи­даларын бекіту», «Абай об­лысының азаматтары­на жекемен­шікке тегін ұсыны­луы мүмкін жер учас­келерінің шекті (ең жоға­ры) мөл­шерін белгілеу», «Абай облы­сы­ның халқын орта­лық­­тан­ды­рыл­маған ауыз сумен жабдық­тау кезін­де жерүсті және жерасты су объек­тілері­нен су алу ере­жесін бекіту» с­екіл­ді өзек­ті мәсе­лелердің ше­шім­дері қа­был­да­нып, жаңа об­лыс­­­ты қа­­лып­­­тас­тыру­да маңыз­ды рөл атқа­ратын жайлар қабылданды.

Депутат жұмысының ең маңыз­дысы – ел мүддесіне қатысты мәсе­лелерді дер кезінде көріп, көтере білу. Бұл істе тұрақты комис­сия­ның маңызы зор. Абай облыстық мәс­лихатының 5 тұрақты комис­сиясы бекітілген. Олар: экономи­к­а­лық және қаржылық, кәсіпкер­лік қыз­метті дамыту саласын­дағы тұ­рақ­ты комиссиясы; агроөнеркәсiп­тiк кешен және экологияны дамыту сала­сындағы тұрақты комиссиясы; ха­лықты әлеуметтік қорғауды, білім және ғылым, денсаулық сақтауды, мәдениет және спортты дамыту саласындағы тұрақты комиссиясы; өнеркәсіпті және жер қойнауын пайдалану дамыту саласындағы тұрақты комиссиясы; депутаттық өкілеттілік, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы. Есепті кезеңде тұрақты комис­сия отырыстарында барлық мәсе­ле қаралып, сессияға жолдан­ды. Атап айтқанда, халықты әлеу­меттік қорғау, облыстық бюд­жет­ті қалыптастыру, нақтылау және орын­дау, азаматтардың құ­қық­та­ры­ мен мүдделерін қорғау, авто­кө­лік жолдарының жағдайы сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Депутаттық корпус өңірдің әлеуметтік-экономикалық да­муына, жоспарлау мен бюджетті қа­лып­тастырудың тиімділігін ба­қы­­лауға, оның мақсатты және тиім­­ді пайдаланылуына, сондай-ақ мем­лекеттік бағдарламалардың өз дең­ге­йінде іске асуына баса на­зар ауда­рады. Рас, мәселелер аз емес. Об­лыстық мәслихат бұл мәселелерді шешу үшін ең әуелі бюджеттің жұмса­луы мен үкіметтік жобалар­дың жұмысын талапқа сай ұйым­дас­тыруға жіті назар аударады.

«Абай облысы мәслихатында депутаттардың азаматтарды қабыл­дау кестесі бар. Кестеге сәйкес облыс тұрғындары депутаттарға сауалдары немесе өтініштерін тікелей қабылдауда айта алады. Бұл депутаттардың ашықтығы мен халыққа жақын екенін көрсете­ді. Дәл осындай жұмыс барлық аудан­дық мәслихат төрағасына ұсынылған, барлық шалғай жатқан өңірлерде жалғасын табады деп сенеміз. Аймағымызға келетін болсақ, облыс бойынша түйткілді мәселелерді шешетін жұмыстарға облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары жауапты. Халық қалаулылары жұмыстардың басы-қасынан табылып, орында­луын қадағалайды. Бұл ретте Абай облыстық мәслихат депутаттары 11 депутаттық сауал жолдап, 21 сұраныс хат жіберді», дейді облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Серқазыұлы.

Облыс тұрғындарының жағ­да­йы­­мен және өңірлерге мәсе­ле­лермен танысу мақ­­­сатында Абай облыстық мәсли­ха­­­ты­ның төрағасы Қуаныш Сүлей­ме­нов қала және аудан­дарға жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесу өткіз­ді. Бү­гінгі күнге дейін Жарма ауда­нын­да – 4, Бородулиха ауда­ны­на – 2, Ая­гөз ауданына – 1, Үржар ауданы­на – 1, Бесқарағай ауданы­на – 1, Ақсуат ауданына – 1, Көкпекті ауданына – 1, Курчатов қаласына – 1, Семей қаласының Приречный ауылдық округіне – 1, Гранитный ауылына 1 рет барды.

Сондай-ақ облыстық мәслихат төрағасының жеке қабылдауында 629 адам болып, жеке және заңды тұл­ғалардан 254 өтініш түсіп, құзыр­лы мекемелерге 348 сұрау хат жібе­ріл­ген. Оның ішінде көбінесе тұр­ғын үй мәселелері, Семей қаласын­дағы тазалық мәселелері, қоғам­дық көлік пен жолға қатысты және спорт­тық алаңдар мен балалар ойын алаң­дарын салу секілді халық көке­йіндегі жайларды шешуге баса мән беріледі. Қазіргі күнде сұрау­хат­тарға орай тиісті жауаптар түсіп, көбі оң шешімін тауып келеді.

Жаңадан құрылған Абай облысында облыс әкімдігінің және облыс мәслихатының қолдауымен мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру, облыстың әлеуметтік-экономикалық саясатын қалыптастыруда жастардың пікірі мен сөз еркіндігін ескеру мақсатында Абай облысының Жастар мәслихатын құру қолға алынды. Басты мақсат – жастар мәслихатын құру арқылы жас­тар арасындағы өзекті мәселе­лер мен олардың ұсыныстарын талқылап, оның шешу тетіктерін табу, депутаттық сауал арқылы жастардың мәселелерін тиісті мекемелерге жеткізу. Сайланған жастардың арасынан шыққан үздіктерді болашақ кадр ретінде тәрбиелеу. Абай облысының Жастар мәслихатында «Жастар саясаты», «Парасат», «Шабыт» тұрақты комиссиялары жұмыс істейді.

 

Абай облысы