• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қараша, 2023

«Жеңгең ұстап жүрсе, ренжіме». Телефон қолданбайтын академикке кәсіпкер сыйлық жасады

806 рет
көрсетілді

«Хабар» арнасындағы «Алғашқы» бағдарламасында  физика-математика ғылымдарының докторы, академик, Ұлттық ғылым Академиясының  вице-президенті  Асқар Жұмаділдаев осы күнге дейін ұялы телефон ұстамайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бағдарлама барысында кәсіпкер Айбек  Ақаев академикке  смартфон тарту етті. Ғалымның есім-сойына бала күнінен қанық болып өскен кәсіпкер құрметін білдіріп сый жасады.  

«Маған бұған дейін бірнеше телефон тарту етті. Бірақ уақытымды ұрлайтындай сезіледі, басымды қатырып жібереді. Сондықтан да бұл байланыс құралын  үйдегі жеңгең қолданса, ренжімейсің бе?», деді кәсіпкерге.

Академик  технологияның озық үлгісі саналатын смартфонды 90 жастағы анасы «сипағыш» деп атайтынын айтты.