• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Қараша, 2023

«Құрамада қала ма?». Футбол федерациясы бас бапкерге қатысты шешім қабылдады

3146 рет
көрсетілді

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет  Бәрменқұлов  Meta-ratings.kz порталына берген сұхбатында ресейлік маман қызметін жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев қызметін жалғастырады. Біз бірлесіп еліміздің футболын дамытудың жоспарын түземіз. Ауқымды жобаны өзіміздің стратегиямыз бен ыңғайымызға қарай жүйелеп, дамыту бағытын саралаймыз», деді Ә.Бәрменқұлов.

2022 жылдың көктемінде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлігіне тағайындалған Магомед Адиевтың баптауындағы жігіттер Ұлттар лигасында  Әзербайжан, Словакия, Беларусь құрамасымен ойнап, көш бастады. Еуропа чемпионатына іріктеу турында  6 матчта жеңіске жетті, 4 ойында жеңіліс тапты.