• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Қараша, 2023

Аса ірі көлемде пара алған: Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды

365 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұрынғы орынбасары Нұржан Әлтаевқа қатысты күдік расталды. Ол аса ірі көлемде айыппұл алды деп айыпталған болатын. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Нұржан Әлтаевты 10 жылға соттау туралы шешім шығарды, деп жазады Egemen.kz. 

«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша экс-вице-министр А.-ға қатысты үкім шығарды (ҚК 366-бабының 4-бөлігі). Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, жасырын тергеу әрекеттерінің жазбаларымен, сараптама актілерімен, заттай дәлелдемелермен және т.б. дәлелденді», делінген хабарламада.

Сотта экс-вице-министр 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы М.-дан 115 мың АҚШ доллары және 8 млн 150 мың теңге ақшаны пара ретінде алғаны айтылған.