• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қараша, 2023

Халық жазушысын құрметтеді

106 рет
көрсетілді

Белгілі қаламгер, Халық жазушысы Бексұлтан Нұрже­кеевке «Жетісу облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Құрметті марапатты Талдықорған төрінде өңір басшысы Бейбіт Исабаев тапсырды.

Облыс әкімі жазушының шығарма­ларын бірнеше буын оқып өс­кенін, соның ішінде өзі де бала күні­нен қа­ламгерді туындылары арқылы таны­ғанын атап өтті.

«Кеңестік кезеңнің қатаң сүз­гісі бар кездің өзінде сіздің шығармала­рыңыздың шындықты айта білетін мінезі болды. Бұдан бөлек, тарихи туындыларыңыз бір төбе. Сізді аз жаз­са да, саз жазатын, мем­лекеттік, қоғам­дық деңгейдегі ірі мә­селелерге кесек пікір айта білетін қай­раткер ретінде құр­меттейміз», деген Б.Исабаев жазу­шының шығармашылық еңбегіне табыс тілеп, арнайы атақтың лентасын, төсбелгісі мен құжатын ресми түрде табыстады.

Өз кезегінде Бексұлтан Нұржекеев ризашылық тілегін білдіріп, «Туған жерімнің бұл сыйы – маған бәрінен қымбат. Жетісудың мен үшін орны бөлек. Және осы отырған әрқай­сысы­ларыңыз үшін де солай болуға тиіс. Президент әді­летті қоғам құру, адал азамат болу туралы айтты. Сол ұстанымды әрқайсысымыз өзімізден бастауымыз керек. Бүгінгі маған көрсетіп отырған құрмет­теріңізге ризашылығымды білдіремін», деді.

Айта кетейік, Бексұлтан Нұржекеев Жетісу облысы Панфилов ауданы Ақ­жа­зық ауылында туған. Ол «Күтумен кешкен ғұмыр», «Ерлі-зайыптылар», «Жау жағадан алғанда», «Әй, дүние-ай» сияқты бірқатар прозалық кітаптың ав­торы. 

 

Жетісу облысы