• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 22 Қараша, 2023

Жалғас жапонмен жұдырықтасады

200 рет
көрсетілді

Кезінде UFC-де өнер көрсеткен Жалғас Жұмағұловтың әлемнің ең белді промоушенінде жолы болмағаны белгілі. 2020-2023 жылдар аралығында жеті мәрте октагонға шыққан ол алты рет жеңіліс тапты.

Елге оралған қазақ файтері отандық «Найза» промоушені ұйымдастыратын тур­нирлерінде күш сынасуға бел буды. 6 жел­тоқ­санда Астанада Жалғас Яго «Питбуль» Рибейромен айқасуға тиіс еді. Бірақ өткен аптаның соңында Бразилия спортшысының көзіне операция жасатқан екен. Сол себепті де ол елордадағы жарысқа қатыспайды. Жоғарыдағы жағдайдан құлағдар болған бетте ұйымдастырушылар Рибейроны дереу жапониялық Масата Накамурамен алмас­тырды. 26 жастағы Күншығыс елі өкілінің аралас жекпе-жекті серік еткелі бес жылдан асты. Сол аралықта 16 кездесу өткізіп, 9 рет жеңіске жетті. Соның үшеуінде ғана Накмура айқын басымдық танытты. Негізінен ол Жапониядағы ең белді ұйымдардың бірі – DEEP-те өнер көрсетті.

35 жастағы Жұмағұлов 2014 жылдан бері 23 жекпе-жек өткізіп, 14 рет мерейі үс­тем болды. Сегіз сайысты қазақ файтері мер­зімінен бұрын аяқтады. Бір өкініштісі, соңғы төрт бәсекеде ол қарсыластарына жол берді.