• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 22 Қараша, 2023

Құдалық кезінде көрпеге аунаған Абай Бегей неге бұлай жасағанын түсіндірді

350 рет
көрсетілді

Эстрада әншісі Абай Бегей ұлының құдалығы кезінде көрпеге не үшін аунағанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер иесінің ол әрекетінің бейнежазбасы желіде тарап кетіп, қызу талқыланды. Бұл "дәстүрдің" көпшілікке ұнамай қалғанын әншінің өзі де жеткізді. Тіпті оған ақтаулық достары да ренжіген.

«Фариза екеуміздің көрпеге аунаған видеосы әлеуметтік желіге таралып кетті. Қаншама пікір жазылып жатыр. Ақтаулық достарым «бізде мұндай салт жоқ, қайдан шығарып жүрсің» деп ренжіді. Өз басым осындай дәстүр барын білетінмін, батыс өңірінде жоқ болғасын мән беріп, зерттемеген едім. Оңтүстік өңірде бар екен. Қазақтың ежелгі дәстүрінде де болған. Кейін уақыт өте келе қолданыстан шығып қалған», – деді ол «Жұлдызды Weekend» бағдарламасында.

Шымкенттен келін алған өнер иесі оңтүстік өңірдің салтынан аттап кете алмағанын да атап өтті.

«Маған ешкім ондай салт-дәстүрдің барын және ол сол жерде жасалу керегін ескерткен жоқ. Видеода да ыңғайсызданып қалғаным көрініп тұр. Бірақ келінімнің 85-ке келген әжесі отыр, жасы мен жолы үлкен құдағайларым отыр, солардың алдында шалқаймайын дедім. Бірақ ешқандай ұят болатындай әрекет жасамадым. Ерсі қылық, артық қимыл болған емес. Тек қазақтың ескі-салт дәстүрі деп қабылдаңыздар дегім келеді. Артық кеткен болсам, кешірім сұраймын», — деді әнші.