Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов УЕФА Ұлттар лигасының алдағы бәсекелеріне қатысатын құрамды жариялады.
Қақпашылар – Ангелина Портнова («Оқжетпес»), Анастасия Хохлова («Локомотив», Ресей), Арина Орел («Ақсу»). Қорғаушылар – Әйгерім Әйтімова, Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева, Мария Демидова («БИИК-Шымкент»), Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Анастасия Власова («Оқжетпес»), Айша Садықова, Кәмила Совет («Томирис-Тұран»), Назым Алданазар («Қайрат»). Жартылай қорғаушылар – Аида Гайстенова («Енисей», Ресей), Кәмила Кұлмағамбетова («Ворскла», Украина), Әселхан Тұрлыбекова, Карина Жұмабайқызы, Фатима Сатығалиева, Алина Лозукова, Ксения Хайрулина («БИИК-Шымкент»), Әсем Қаражанова, Анастасия Низамутдинова («Томирис-Тұран»), Карина Берікова, Адина Ізімбаева, Елмира Абдулаева («Қайрат»). Шабуылшылар – Әнел Мақсат («Қайрат»), Арайлым Орынбасарова («Оқжетпес») және Әнеля Мамырова («Томирис-Тұран»).
Алғашқы екі ойынды біздің қыздар Израильге (13 қараша, Астана. 26 қараша, бейтарап алаңда) қарсы өткізеді. Одан кейін «Астана Аренада» Эстония (1 желтоқсан) мен Арменияны (5 желтоқсан) қабылдайды.