20 жасында әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста да өз биігіне шығуды көздейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инстаграм желісінің сторисіне жазба жариялаған боксшы қазір нағыз бабына еніп, зар күйінде жүргенін, өзінің биігінде тұрғанын жазды. «Чарломен жекпе-жекке түссе, Жәнібек оны жеңе ме деген сұрақ ешкімде болмайды. Көптің көкейінде тек «Чарлоны Qazaq style қай раундта, қандай соққымен сұлатады?» деген сауал ғана мазалайды. Мен қазір өз биігімдемін! Қазақ стиліне дәл қазір ешқандай боксшының шамасы жетпейді! Ірі сөз, ірі іс!», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.