АҚШ Әскери-әуе күштерінің ансамблі «МузАРТ» тобының «Балауса» атты әнін орындап, қазақ халқының жүрегін бірден баурап алды, деп жазады Egemen.kz.
Америка әскерилері дипломатиялық миссия шеңберінде АҚШ пен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Қазақстанға келді.
Ансамбль мүшелері қазақ тілінің дыбысталу үні ұнайтынын, сондай-ақ қазақ тілін үйренгісі келетінін атап өтті.
Әскери музыканттар өнер көрсеткен концерттің өзі Астанада өтті деген болжам бар. Қазақ халқы шетелдіктердің қазақша сөздерді дұрыс айтуға мүмкіндігінше тырысқанын байқап, риза болды.
Айта кетейік, ансамбль парақшасында олардың ұжымы 7 елге барып, серіктес елдермен берік қарым-қатынас орнатып, барлығы 13,1 миллион адамның алдында ән шырқағаны жазылған.
«Өкінішке қарай, бұл дәуірдің аяқталуын білдіреді. Өйткені бұл – әуе ұлттық гвардиясының соңғы тобы. ANG топтары келесі жылы зейнетке шығады, сондықтан Active Duty Bands АҚШ ВВС Орталық қолбасшылығына қолдау көрсетуді жалғастырады. ANG Bands 80 жылдан астам уақыт штатта да, шетелде де өз миссиясын атқарды. Біз елімізге қызмет еткенімізді мақтан тұтамыз», деп жазды музыканттар.