• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 23 Қараша, 2023

Астанада үш бағытта автобус саны артады

148 рет
көрсетілді

Астанада № 22, 35, 71 бағдарлар бойынша жұмыс күндері жүретін автобус саны артады. City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі көрсетілген бағдарлар бойынша қатынайтын автобустарға жаңа транспорттар қосылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«23 қарашадан бастап №22, 35, 71 бағдарлары бойынша жұмыс күндері жүретін автобус саны артады», делінген компания хабарламасында.

Атап айтар болсақ:

№ 22 бағытта 3 автобусқа (9 бірл. 12 бірл.); № 35 бағдарда 2 автобусқа (13 бірл. 15 бірл.); № 71 бағдарда 2 автобусқа (16 бірл. 18 бірл.).

Компания алдағы уақытта № 307 және № 312 бағдарлардағы автобустар саны көбейетінін айтты.