• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Күрес 27 Қараша, 2023

Жолдама үшін жанталас

129 рет
көрсетілді

Біріккен күрес әлемінің (UWW) бюро мүшелері 2024 жылы Парижде алауы тұтанатын олимпия ойындарының іріктеу турнирінің форматына біраз өзгеріс енгізді.

Төртжылдықтың басты додасының алғашқы 90 жолдамасы биыл қыркүйек айын­да Сербия астанасы Белградта өткен әлем чемпионатында таратылды. Келесі жылдың көктемінде әр құрлықта лицензиялық турнирлер ұйымдастырылады: Америка (28 ақпан – 1 наурыз, Акапулько, Мексика), Африка (22-24 наурыз, Александрия, Мысыр), Еуропа (5-7 сәуір, Баку, Әзербайжан) және Азия (19-21 сәуір, Бішкек, Қырғызстан). Осы бәсеке­лерде ақтық сынға дейін алқынбай жеткен 144 балуан Олимпиадада бақ сынау мүм­кіндігіне ие болады. Сол себепті финалдық сайыстар өтпейді.

Соңғы жаһандық жарысты Түркияның Ыстанбұл қаласы қабылдайды. 9-12 мамыр аралығында Анадолы елінде жалауы желбірейтін жарыста 18 олимпиадалық салмақтың әрқайсысында үш жолдамадан сарапқа салынады.