Үкіметтің қаулысымен Динара Ринатқызы Щеглова Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Динара Ринатқызы бұған дейін Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі, Премьер-министрдің кеңесшісі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі сынды қызметтерді атқарды.