Алматыда «Sadu Arena» спорт кешенінде 33 елден 700-ге жуық спортшы қатысқан киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер арасындағы «ката» және «кумитэ» бәсекелерін қосып есептегенде 29 алтын, 25 күміс, 61 қола, барлығы 115 медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші орын алды.
Келесі әлем чемпионаты Жапония елінде 2025 жылы өтеді.