Италияның Монтесильвано қаласында өткен шахматтан балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде жерлестеріміз үш жүлдеге қол жеткізді.
14 жасқа дейінгі ойыншылар сайысында Елназ Қалиахметтің алтын алуына тамаша мүмкіндігі болды. Ол сегіз бәсекеде басымдық танытып, екі кездесуді тең аяқтады. Тағы бір партияда жеңіліс тапты. Осы жалғыз ғана сәтсіз ойын Елназды бас жүлдеден айырды. Бұл топта өзбекстандық Афруза Хамданова алдына жан салмады. 16 жастағы бойжеткендердің бәсекесінде Алуа Нұрманова қолаға қол созды. Қазақ қызы қытайлық Ван Чуцяо мен ресейлік Александра Шведовадан қалып қойды.
Жасөспірім ұлдардың жарысында Алдияр Аңсатқа қола медаль бұйырды. Ол 7 жеңіс, 1 жеңіліс және 3 тең ойынмен үздік үштікті түйіндеді. Ресейлік Алексей Гребнев пен Володар Мурзин Алдиярдың алдын орап кетті.