• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қараша, 2023

10 және одан көп бала тапқан Батыр аналар қай облыста көп шоғырланған?

217 рет
көрсетілді

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Неке және отбасы тақырыптық жинағын жария етті. Елімізде 10 және одан  жоғары баланы өмірге әкелген аналардың саны қанша? Қай облыста батыр аналардың үлесі басым?

Статистикалық дерек бойынша Қазақстанда 10 және одан да көп бала өмірге әкелген аналардың  саны – 63 943. Өңірлер бөлінісі бойынша туған балаларының саны  жөнінен Түркістан  облысы алда тұр. Бұл облыста 10 және одан да көп балалы 15 365 алтын құрсақ ана тұрады. Екінші орында Жамбыл облысы тұр.  Әулиеата  өңірінде 5 947 ана 10 баладан жоғары құрсақ көтерген.  Жоғары көрсеткіш бойынша үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеген, 10 бала және одан жоғары баланы өмірге әкелген аналардың саны – 5 799.

Үш мегаполис:  Астана, Алматы, Шымкент қалаларының ішінде 10 және одан жоғары баласы бар аналардың саны  Шымқалада жоғары –  3 316. Ұлттық статистика бюросы бұл тізімді  қанша бала тапқанын көрсеткен әйелдердің көрсеткішіне қарап саралаған.