• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Қараша, 2023

Албуфейрада атой салды

112 рет
көрсетілді

Португалияның Албуфейра қаласында кикбокстан ерлер мен әйелдер ара­сындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Пиреней түбегінде 70 мемлекет­тен келген 573 спортшы күш сынасты.

Жекпе-жектің бұл түрінен Қазақстан құр­амасы үнемі үздіктер санатынан көрініп жүргенін жанкүйерлер жақсы біледі. Бұл жолы да солай болды. Албуфейрада жерлестеріміз 5 алтын, 5 күміс және 12 қола медальды ие­леніп, мықтылығын тағы да мойындатты. Барлығы – 22 жүлде. Қазақ елі өрендері ара­сынан Марғұлан Айдарұлы (75 кг, фулл-контакт), Диас Қарманов (57 кг, лоу-кик), Нұрсултан Жұмабаев (51 кг), Арсен Сойырқас (54 кг) және Нұрдәулет Қалшора (57 кг, К-1) қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені олжаласа, Данияр Жарасов (54 кг), Аслан Асылбеков (57 кг), Мақсат Үсіп (71 кг), Тимур Ганза (81 кг, фулл-контакт) және Әлихан Оздоев (67 кг, лоу-кик) күміс медальды мойнына ілді.

Ал Дінмұхамед Баймұратов (51 кг), Батырхан Қуандықов (67 кг, фулл-контакт), Алина Төлегенова (52 кг), Бейбарыс Сау­ханбек (60 кг), Шара Хамзина (65 кг, лоу-кик), Шыңғысхан Тілемісов (63,5 кг), Берік Қалықов (71 кг,), Руслан Степанов (81 кг), Гүлбану Саматова (70 кг), Салават Рақым­жанов (9 кг, К-1), Мереке Жүнісова (+70 кг) және Фазлиддин Сафаров (+91 кг, кик-лайт) қолаға қол созды.