• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Қараша, 2023

«Қазпошта» қызметкерлері 270 млн теңгеден астам ақша ұрлаған

190 рет
көрсетілді

«Қазпошта» АҚ ұрлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырып жатыр. Шара аясында 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірде жалпы сомасы 273 000 000 теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталған, деп жазады Egemen.kz «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазпошта» АҚ мәліметінше, қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту және келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданған. Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Бас-аяғы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді.  «Қазпошта» АҚ орталықта және жергілікті жерлерде түрлі заң бұзушылық әрекеттермен күресті одан әрі жалғастырады және құқық қорғау органдарымен аталған бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істейді», делінген хабарламада.