• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қараша, 2023

Қомақты қаржыны қолды еткен бухгалтерге үкім шықты

205 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы, Шу ауданынындағы Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының  бухгалтері қызметкерлерге 3 жыл бойы қаражатты аванс түрінде заңсыз аударып келген, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтап, 2023 жылғы 1 тамызда ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеді (ірі мөлшердегі кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу). Тергеу Жамбыл облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды. Мемлекетке келтірілген залал 9,9 млн теңгеден асты, ол тергеу барысында өтелді», делінген ақпаратта.

Шу аудандық сотының үкімімен орталықтың есепшісіне 5 жылға дейін бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде шартты жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.