Үстел теннисінен Словенияның Нова-Горица қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінің алғашқы туры артта қалды.
Миксте мысырлық Хана Года мен Алан Құрманғалиев алғашқы айналымда Брин Вовк пен Энья Молтарадан (Словения) айласын асырды – 3:1. Бірақ екінші кезеңде олар Чен Болдуин мен Вонг Хой Тунгке (Гонконг) дәл сондай есеппен есе жіберді. Кеше жұптық сайыстар басталды. Құрманғалиев пен бельгиялық Том Колзет Аустралияның өкілдері – Николас Лум және Финн Луумге есе жіберді – 2:3. Сарвиноз Мірқадырова мен Хана Арапович (Қазақстан/Хорватия) Үндістанның ойыншылары – Сухана Сайни және Яшасвини Горпаденің осал тұсын таба алмады – 1:3. Жекелеген жарыстың 1/16 финалында Алан Құрманғалиев словениялық Брин Вовкке қарсы ойнаса, Сарвиноз Мірқадырова германиялық Аннетт Кауфманнмен күш сынасты.