Алматы қаласының санитарлық дәрігері Әсел Қалықова қызылшаға қарсы екпенің әсіресе жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер үшін маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дәрігердің айтуынша, жүктілікті жоспарламас бұрын екпе алу қажет. Бұл шара әйелдің өзін ғана емес, оның құрсағындағы баласын да қызылша ауруынан сақтайды.
«Кез келген әйел жүктілікті жоспарлау кезінде тексеруден өтіп, денсаулығын жақсартады. Вакцинация қауіпсіздік шараларының бірі болып саналады. Жүктілікке дейін қабылдасаңыз, қызылшадан қорғайды», деп жауап берді Әсел Қалықова.
Егер жүктілік кезінде әйел алдын-ала өзінің қауіпсіздігіне алаңдаса, бұл үшін иммуноглобулин бар.
«Вакцина тірі, біз ешқашан тәуекелге бармаймыз. Дәріханаларда сатылатын қызылшаға қарсы иммуноглобулин бар», деп атап өтті санитарлық дәрігер.