• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Желтоқсан, 2023

Қыздарымыз қалжырап қалды – бас бапкер

156 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстанның  қыздар құрамасы Эстония футболшыларына есе жіберді. «Астана-Арена» стадионында өткен тартысты матч 0:1 есебімен аяқталды.

Ұлттар лигасы топтық кезеңінің 5-тур  матчын өз алаңымызда өткізген қыздар эстон футболшыларынан ұтылды. Ойынның 6-минутында  Банникованың соққан голы Эстония құрамасының ұпай олжалауына мүмкіндік берді. Ұлттық құраманың бас бапкері  Мадияр Кембілов  қыздардың  алаңға қалжырап шыққанын, Венгрияда өткен ойыннан кейін тынығуға уақыт тапшы болғанын айтты. Ендігі матчта жеңіске жетеміз деп сендірді. Қыздарымыз 5 желтоқсанда Астана қаласында Армения құрамасына қарсы ойнайды.