• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Желтоқсан, 2023

Қостанай тұрғыны TikTok-тағы видеосы үшін айыппұл арқалады

165 рет
көрсетілді

Қостанай облысы балық инспекциясы басқармасы 11 айлық жұмысын қорытындылады. Инспекция осы жылы заңсыз балық аулаудың 160 дерегін анықтаған. Тыйым салынған жерлерде балық аулағандар жалпы соммасы 2 725 500 теңге айыппұл арқалады, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық балық инспекциясы басқармасы уылдырық шашатын аймақта, заңсыз иемденген құралдарды пайдаланып балық аулаушыларды анықтау ісінде жергілікті тұрғындар белсенді болғанын айтты. Мәселен, рудныйлық тұрғындардың хабарлауымен 4 рет заңсыз балық ауламақшы болғандардың жолы кесілген.

Сонымен бірге осы бағыттағы заңсыздықтарды анықтауда әлеуметтік желіге жүргізілген мониторингтер де өз жемісін беріп жатыр.

«Мәселен, биыл облыстың екі тұрғыны TikTok-қа жүктеген видеосы үшін жазаланды. Видеода заңсыз балық аулау белгілері болған. Айыппұл көлемі 34 500 теңгені құрады», деді Қостанай облысы балық инспекциясы басқармасының басшысы Дәуіт Тәжібаев.