Әзербайжан астанасындағы Халықаралық муғам орталығында «Хассақ» қазақ этно-фольклорлық ансамблінің алғашқы жеке концерті ұсынылды.
Музыкалық қойылым Қазақстанның Әзербайжандағы мәдениет күндері аясында екі елдің Мәдениет министрліктерінің көмегімен ұйымдастырылды.
«Бұл Бакуде бірінші рет ұйымдастырылып жатқан жоқ, бірақ біз бүгін осы жерден табылғанымызға өте қуаныштымыз. Шетелдік қалалардың ішінде бізге бәрінен де Баку ұнайды, өйткені мұндағы адамдар өте мейірімді және қонақжай. Екіншіден, оның тарихы өте бай, қала жасыл және жаңа», деді ансамбль жетекшісі Ержан Жәменкеев құттықтауында.
Оның айтуынша, бүгін ансамбльдің ең танымал және үздік шығармалары орындалады. «Біз қазақтың 30-дан астам ұлттық аспабын көрсетеміз. Олар осында өнерпаз бес адамға тиесілі. Біз көрерменді және Әзербайжан халқын қуантуға тырысамыз», деді ол.
Е.Жәменкеев ансамбль солистерінің әрқайсысы 10 және одан да көп аспапта ойнайтынын айтты. Олардың кейбіреулері қайта жаңғырып, өз бетінше қолданысқа енгізілді. «Өз саламыздың кәсіби маманы болуды армандаймыз, оның көмегімен музыка мәдениетін насихаттаймыз. Қазіргі уақытта біз туындыларымызды балет, опера сияқты басқа жанрлармен, сондай-ақ симфониялық және халық оркестрлерімен бірлесіп жасап келеміз. Тақырыпқа қарай шығармаларымызда түркі, иран, өзбек, қытай мотивтерін де қолданамыз», дейді Е.Жәменкеев.
Ол келесі жылы ансамбльдің Алматыда үлкен жеке концертін өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.