• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Желтоқсан, 2023

Украинадан да ұтылды

83 рет
көрсетілді

Скандинавия түбегінде гандболдан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық турниріндегі соңғы кездесуінде жерлестеріміз Украина құрамасымен шеберлік байқасты.

Украинаның бұл спорт тү­ріндегі ең елеулі табысы – Олим­пия ойындарының қола жүлдесі. 2004 жылы Афинада олар айды аспанға бір-ақ шы­ғарып, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілген еді. Одан бөлек, аталған мемлекеттің қол добы шеберлері 2000 жылы Еуропа чемпионатында күміс медальды иеленсе, 2003 жылы әлемдік додада төртінші орынға табан тіреді. Десек те осы жарыста украиналықтар да Қазақстан секілді G тобының фавориттеріне лайықты қарсылық көрсете алмады. Олар Бразилия (20:35) мен Испаниядан (20:32) ойсырай ұтылды. Сөйтіп, топтық жа­рыс­та кімге үшінші орынның бұйы­ратыны осы қос команда ара­сындағы бәсекеде шешілді.

Өкінішке қарай, отандастарымыз бұл матчта да осалдық танытты. Виталий Андронов баптаған команда қақпамызға 37 гол соқты. Қазақстан гандбол­шыларының 24 рет қана нысананы дәл көздеуге шамалары жетті. Сөйтіп, біз өз тобымызда соңғы орында қалып қойдық. Ал бірінші орынды Испания иеленді. Пиреней түбегінің гандболшылары шешуші ойында Бразилиядан 27:25 есебімен басым түсті. Енді жарыстың екінші кезеңі басталады. Одан кейін плей-офф сайыстарын тамашалаймыз.