• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Желтоқсан, 2023

Аида Балаева Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасымен кездесті

116 рет
көрсетілді

Бакуде Қазақстанның Әзербайжандағы мәдениет күндері өтті. Қазақстан-Әзербайжан қарым-қатынасын нығайту мақсатында өзара мәдени күндерді өткізу туралы биыл мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев келісім жасасқан еді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанның Әзербайжандағы мәдениет күндері аясында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы шейх уль-ислам Аллашүкір Пашазадемен кездесті.

Аида Балаева А. Пашазадені «Достық» орденімен құттықтап, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің хатшылығына қатысып, белсенділік танытқаны үшін және осы маңызды іс-шараға тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Министр Шейхтің аймақтық және жаһандық жалпы әлемдік ауқымды бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Аллашүкір Пашазадемен кездесуде рухани ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Жиынға Әзербайжан Республикасының Діни ұйымдарымен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Мубариз Гурбанлы, Әзербайжан Парламентінің вице-спикері Фазаил Ибрахимли, сондай-ақ депутаттар, зиялы қауым мен түрлі діни конфессия өкілдері қатысты.

Аида Балаева жиналғандарға Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда болып жатқан өзгерістер туралы айтып, бауырлас халықтардың достығы мен ынтымақтастық байланыстарын барлық салада нығайта беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде шейх уль-ислам Аллашүкір Пашазаде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің маңыздылығына тоқталып, Астананың дін, мемлекет және қоғам қайраткерлерін біріктіретін ерекше диалог алаңына айналғанын атап өтті.