• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Желтоқсан, 2023

Тағы да зейнетақы туралы

2836 рет
көрсетілді

Біз – 63 жастан зейнетке іліккендердің алғашқы буынымыз. 1992 жылы нарыққа көшкенде кеңшарымыз таратылып, жекешеленіп кетті. Сол кезден жұмыссыз қалдық. Жасымыз 40-тың үстіне шығып, еш жерге жұмысқа алмады. Өз күнімізді өзіміз көруге тура келді. Енді зейнет жасына келгенде не жұмыс өтілі жоқ, не зейнетақы қоры жоқ, ең төменгі зейнетақы тиді.

Біз, ауыл балалары, 14 жасымыздан еңбекке араластық, жазғы демалысымызда кең­шар­дың мал азығын жинау жұмы­сына қолғабыс еттік. Өмір бойы ешбір жұмыстан қашқан жоқ­пыз. Зейнет жасына келген кезде жалақымыз төмен болды. Ауылда еңбекақы 40-50 мың теңгеден аспайтын. Сондықтан зейнет жасына келгенде базалық зейнетақымыз 20-30 мың теңге төңірегінде ғана болды. 2018 жылы еңбек өтілімізді есептеп, 12 800 теңге қосты. Зейнетақы өскен сайын пайыздық өсім тек базалық зейнетақыға қосылады, бұл мардымсыз. Мысалы, қазір инфляция 23 пайыз болса, біз­дің зейнетақымызға қосыл­ған 8-9 мың теңгеден не пайда бар?

Біз – соғыстан кейін дүниеге келіп, балалық, жастық шағы ең ауыр кезеңге тап болған буын­быз. Хал-қадірімізше ең­бек етіп, балаларымызға және өзі­міз қартайғанда жұмсаймыз деп банкке жинаған ақ адал қар­­жы­мыз күйіп кетті. Оны қай­тару үшін Үкімет ештеңе істеген жоқ.

Бүгінде теледидардан еліміз бойынша орташа зей­­нетақы мөлшері 125 мың тең­ге деген ақпарат естіп жата­мыз. Алайда 1955 жылға дейін дүниеге келген ауыл азамат­тарының зейнетақысы өте төмен. Қазіргідей қымбат­шылық заманда азық-түлік қана емес, коммуналдық тарифтер, жол билеттері, ем-дом, дәрі-дәрмек бағалары да шарықтап кетті.

Өз басым өмір бойы Аз­ғыр, Капустин Яр әскери по­ли­гондарының іргесінде, Орда ауданында тұрдым. Жа­сы­мыз 70-тен асып кетті. Ден­сау­лығымыз да жақсы емес. Менің өз атымнан және 1945-1955 жылдар арасында ту­ған еңбек ардагерлерінің аты­нан сұрайтыным, біздің зей­нет­ақымыздың базалық бөлі­гіне қоса жинақтаушы бө­лігі де өсірілсе екен. Өйт­кені инфляцияға байланыс­ты зей­нетақымызға қосылып жат­қан қосымша мардымсыз. Тапқанымыз қапқанымызға жетпей жатыр.

 

Хабдулқадыр АҚПЕЙІСОВ,

зейнеткер

 

Орал